24 қаңтар 2023 2597

Сәтбаев университетінің қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырамыз

Сәтбаев университетінің қызметкерлерін ағылшын тілі курстарына шақырамыз

Жобаларды Басқару Институтының "Шет тілдері" кафедрасы Satbayev University қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курстарына қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Біз жаңадан бастаушылар үшін де, тіл үйренуді жалғастырушылар үшін де әртүрлі деңгейлерді ұсынамыз. Сондай-ақ, IELTS-қа дайындық та қарастырылған. Курс оқытушылары шетелдік дипломдарға, көпжылдық тәжірибе мен халықаралық сертификаттарға ие жоғары білікті мамандар.

Әрбір заманауи адамның өмірінде ағылшын тілінің рөлі айқын және сөзсіз. Ағылшын тілі ғылым, инновация, бизнес, тіпті интернеттің тілі екенін ескерсек, аталмыш тіл біз үшін шетелдіктермен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар лингва-франка - түрлі мәдениеттердің өкілдерімен де жалпы байланыс құралы болып табылады.

Топтық дәрістер аптасына 2 рет 90 минуттан оффлайн форматында өтеді:

  • Beginner English
  • Elementary English
  • Pre-Intermediate English
  • Intermediate English
  • Upper-Intermediate English
  • IELTS (Upper Intermediate және жоғары деңгейлер үшін)
  • English Club шетелдік оқытушымен өтеді

Курстар ұзақтығы – 5 ай (01.02.2023-30.06.2023.) 

Курс бағасы – айына 20 000 теңге.

IELTS курсының бағасы – айына 30 000 теңге.

Сабақтардың басталу мерзімі – 01 ақпан, 2023 ж. 

 

Таңертеңгі уақыттағы топтар:

Дүйсенбі, сәрсенбі: 07:15 - 08:45.

Сейсенбі, бейсенбі: 07:15 - 08:45.

 

Кешкі уақыттағы топтар:

Дүйсенбі, сәрсенбі: 18:00 - 19:30.

Сейсенбі, бейсенбі: 18:00 - 19:30.

Курстарға қабылдау диагностикалық тестілеуден өту кезінде жүзеге асады, тестілеу 2022 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жүреді.

Тіркеу

Диагностикалық тестілеу

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Жантелова Эльвира, WhatsApp: +7 7014435921

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту