27 ақпан 2020 3313

Сәтбаев Университетінің магистранттары Санкт-Петербург Телекоммуникациялық мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

Сәтбаев Университетінің магистранттары Санкт-Петербург Телекоммуникациялық мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпаны аралығында мен 13 ақпанына дейін Satbayev University «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2-курс магистранттары Марксұлы Сұңғат, Азизова Наргиз, Атағұлова Мейрамгүл, Мырзабеков Олжас, Раманкулова Ботакөз, Оразбеков Еркебұлан Ресей Федерациясының мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласындағы Бонч Бруевич атындағы Санкт-Петербург Телекоммуникациялық мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.  Тағылымдамада магистранттар диссертация тақырыбы бойынша ресейлік әдебиеттерге шолу жасап, мәліметтер жинақтады, шетелдік жоғары оқу орындарының оқыту жүйесімен танысып, іс-тәжірибелерінің қыр-сырын анықтады және ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жаңа ғылыми-техникалық жабдықтарды зерттеді.  Магистранттарға Бонч Бруевич атындағы Санкт-Петербург Телекоммуникациялық мемлекеттік университетінің ректоры атынан естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту