Ақпарат:

24 қараша 2023 2933

Сәтбаев Университетінің маманы SciVal қолданушылар кездесуіне қатысты

Сәтбаев Университетінің маманы SciVal қолданушылар кездесуіне қатысты

SciVal қолданушылар тобының биылғы кездесуі БАӘ-де өтті. Оған Қазақстан атынан биыл Сәтбаев Университетінің Жарияланым белсенділігі мен ғылыми басылымдар бөлімінің жетекшісі Гүлзия Буршукова қатысып, баяндама жасады.

Оның баяндамасы SciVal жүйесінде жұмыс істеудің қыр-сырына арналды, сондай-ақ осы жүйенің көмегімен Сәтбаев Университеті негізгі және жоғары деңгейлердегі өз жұмысының нәтижелерін қалайша жүйелі түрде талдайтыны туралы болды.

Егер де университеттің 2018–2023 жылдар аралығындағы деректеріне назар аударсаңыз, мынаны көруге болады:

  • осы 5 жыл ішіндегі жалпы жарияланымдар саны – 2076;
  • жарияланым жазуға қатысқан авторлар саны – 1502;
  • жалпы h-index – 25.

Шолуда пәндер бойынша зерттеу қызметінің құрылымы туралы ақпарат қамтылады. Бұл университеттің мықты жақтары мен тәжірибе салаларын анықтауға көмектеседі, әрі осы сараптама бойынша халықаралық ынтымақтастық пен серіктестік туралы деректерді табуға болады. Бұл ғалымдар мен жалпы университет үшін стратегиялық жоспарлау және болашақтағы зерттеу жұмыстарының бағыттарын анықтау үшін өте пайдалы.

Университет жаһандық ғылыми қауымдастықтың назарын аудартатын негізгі басылымдарды анықтай алады және ғылыми зерттеулерді дамыту стратегияларын тұжырымдай алады. SciVal нақты уақыт ішіндегі ақпаратты таратады, бұл өз кезегінде университетке ғылыми ортадағы өзгерістерге тез жауап беруге және өз стратегияларын жылдам бейімдеуге мүмкіндік береді.

SciVal - Scopus библиографиялық деректер базасындағы жарияланым белсенділігін талдауға арналған аналитикалық жүйе. Ол ғалымдар мен университет қызметкерлеріне арналған, өйткені кең көлемдегі статистикалық деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйені пайдалана отырып, басылымдарға талдау жасауға болады, зерттеушілер мен ғалымдар тобының нәтижелерін, олардың зерттеу бағыттарын, елдерін, басылым массивін анықтап, нәтижелерді көзбен көруге болады.

Сәтбаев Университеті зерттеу жұмыстарының жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады және SciVal жүйесінің көмегімен өз жұмысының нәтижелерін басқа университеттердің өнімділігімен салыстыра алады. Бұл бәсекелестік артықшылықтарды анықтауға көмектесіп қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту