17 қараша 2021 2256

Сәтбаев Университетінің өкілдері Алматы облысының мектептерін аралады

Сәтбаев Университетінің өкілдері Алматы облысының мектептерін аралады

2021 жылы 12 қараша күні білім беру мекемелерімен және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты дамыту аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Алматы облысының Ескелді ауданына іссапармен барды. Аудан әкімі Рустам Әли және аудан мектептері басшылықтарының қатысуымен өткен салтанатты жиында Сәтбаев Университеті мен Ескелді ауданының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Делегация аудандық Шестаков атындағы, Титов атындағы, Жетісу, Жақыпбаев атындағы мектептерге барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушыларын Сәтбаев Университетінің әсіресе техникалық мамандықтары көбірек қызықтырды және де олар Қазақстанның үздік техникалық жоғары білім ордасында сапалы білім алып шығу мүмкіндіктеріне қатты  қызығушылық танытты. Оқушылар университетте Металлургия, Геология және Машина жасау мамандықтары бойынша оқитын студенттердің – Ескелді ауданы мектептері түлектерінің сөздерін зор ынта қойып тыңдады.

Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жұмысы аясында «Хильниченко» шаруа қожалығы мен «Сәлем құс» ЖШС басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас мәселелері, инновациялық техникалық шешімдердің қажеттілігі талқыланып, Сәтбаев Университетінің оларды шешуге арналған жобалары анықталды.

Satbayev University посетил районные школы Алматинской области

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту