7 желтоқсан 2017 10344

Сәтбаев Университетінің өкілдері Амстердамдағы жетілдірілген су технологиялары бойынша халықаралық көрмеге қатысты

Сәтбаев Университетінің өкілдері Амстердамдағы жетілдірілген су технологиялары бойынша халықаралық көрмеге қатысты

Қараша айында Амстердам қаласында (Нидерланды) «Aquatech Water Week 2017» суды тазарту, ауыз су және ағынды суларды тазарту технологиялары бойынша 26-шы халықаралық көрме болып өтті. Aquatech Amsterdam - ауыз су мен сарқынды суды дайындау және өңдеу процестерінің жетекші халықаралық көрмесі болып табылады. 1964 жылдан бастап 50 жыл ішінде көрменің бренді Aquatech бүкіл әлемге әйгілі болды және қазіргі уақытта аталған атаумен Үндістанда, Қытайда, WQA- Солтүстік Америка қауымдастығымен - АҚШ-та өткізіледі. Көрме аясында жоғарыда аталған салалар бойынша әр түрлі конференциялар мен семинарлар өткізіледі, биылғы өткен көрмеге Химиялық және биологиялық технологиялар институтының Химиялық технологиялар кафедрасының профессоры С.Мырзалиева мен ОЗХТ мамандығының 4 курс студенттері Рахатбекова Анар және Кинаятова Мадина да қатысты.

Студенттер көрмеден алған әсерлері мен осы шараның біздің қоғамға әкелетін маңыздылығы жайында ой бөлісті.

«Көрме барысында біз көптеген компания өкілдерімен танысып, өз зерттеу жұмыстарымызбен бөлісіп, сарапшылардан кеңестер алдық. Көрме экологиялық проблемаларды шешу және ресурс үнемдеуші мәселелерді шешудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. Ең бастысы, біз осы көрмеден, ағынды суларды тазарту және суды дайындау технологиялары бойынша әлемдік тәжірибені Қазақстанға енгізу қажеттігін анықтадық. Бірақ, ең алдымен, біз өзіміздің су ресурстарымызды жаңа инновациялық техника және технологияларды пайдалана отырып, үнемді пайдалануымыз керек», - деді Мадина мен Анар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту