15 ақпан 2019 4487

Сәтбаев университетінің оқытушысы «Жеке батылдығы үшін» орденімен марапатталды

Сәтбаев университетінің оқытушысы «Жеке батылдығы үшін» орденімен марапатталды

Т. Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институтының Ғылыми кеңесінде «Энергетика» кафедрасының сеньор-лекторы, Ауған соғысының ардагері Бердібеков Әбдісаттар Опабекұлын «Жеке батылдығы үшін» орденімен салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл марапатқа ол Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті қатарында әскери қызметте болған кезде ұсынылған болатын. Ауған жерінде өміріне қауіп төнген жағдайда ол ерлік пен батылдық үлгісін көрсете білді. 1990 жылы 12 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы ол елге оралғаннан кейін шықты. Орденді Алматы қаласындағы «Aрдагер» Ауғанстандағы ардагерлер мен соғыс мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы авиация полковнигі Көшербаев Серік Әубәкірұлы табыстады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту