Ақпарат:

24 сәуір 2025 280

Сәтбаев университетінің профессоры Алексей Цеховой «Құрмет» орденімен марапатталды

Сәтбаев университетінің профессоры Алексей Цеховой «Құрмет» орденімен марапатталды

Сәтбаев университетінің профессоры Алексей Филиппович Цеховой Қазақстан Республикасының ең жоғары наградаларының бірі – «Құрмет» орденіне ие болды. Жоғары мемлекеттік награданы Мемлекет басшысы жеке өзі тапсырып, ғалымның отандық ғылымды дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Бұл жоғары награда – Алексей Филипповичтің көп жылғы адал еңбегі және ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесі, сонымен қатар біздің қоғамда бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайтып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын іс-шараларға белсене қатысқаны үшін берілген лайықты баға.

Алексей Филиппович – талантты педагог-ғалым ғана емес, сондай-ақ ол бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім мұраттарына шын берілген нағыз патриот. Оның ерен еңбегі біздің бәрімізге үлгі болып, алдағы жетістіктерге жетелейді.

Ал біз ғалымды осы құрметті марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, аманшылық пен береке-бірлік тілейміз! Еліміз бен Қазақстан халқына деген қызметінде толағай табыстарға жете берсін!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту