Сәтбаев Университетінің ректоры 2024 жылғы Металлургтер күнімен құттықтайды!
Құрметті металлургтер!
Қадірлі достар!
Сіздерді кәсіби мерекемен – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Металлургия қазіргі өркениеттің даму векторын анықтап берді, әрі бүгінгі күнге дейін өнеркәсіптік индустрияның негізі болып табылады. Қазақстан экономикасындағы барлық саланың тұрақты дамуы тек металлургияның сәтті дамуына байланысты. Сіздердің шеберліктеріңіз бен жұмысқа деген адалдықтарыңыз қашан да үлкен құрметке лайық. Осы адал еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан түсті және қара металдарды өндіру мен экспорттау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып келеді.
Сәтбаев Университеті өзінің түлектерін – металлург мамандарын мақтан тұтады! Олар Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі тау-кен металлургия кешенінің жетекші кәсіпорындарында жұмыс істейді.
Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, аманшылық, еңбекте жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры М. Бегентаев