5 қаңтар 2024 4263

Сәтбаев Университетінің Ректоры 2024 жылғы Рождество мерекесімен құттықтайды

Сәтбаев Университетінің Ректоры 2024 жылғы Рождество мерекесімен құттықтайды

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

Барлық православие христиандарын қасиетті Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бір-бірімізге жақын болып, жылулық пен қамқорлық, сүйіспеншілік сыйлайтын, бейбіт өмір тілейтін уақыт. Әрі бұл күні біз ғылым мен білім – қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі екенін, ол қоршаған әлемді түсінуге, күрделі мәселелерді шешуге және бүкіл әлемді жақсартуға көмектесетінін еске аламыз.

Рождество мерекесі сіздерге мол қуаныш, рухани жаңғыру, жаңа үміт пен жаңа мүмкіндік сыйласын! Сіздерге баянды бақыт, зор денсаулық және әр отбасына аманшылық тілеймін! Рождество мерекесі құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту