Сәтбаев университетінің ректоры 2025 жылғы Рождество мерекесімен құттықтайды
Құрметті әріптестер, студенттер, достар!
Барлық православиелік христиандарды Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке – жақсылықтың, мейірімділіктің, жақындарыңа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың символы. Ол адамдарды бір-біріне жақындастыра отырып, рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтады, сөйтіп қоғамдағы өзара түсіністік пен үйлесімділікке ықпал етеді.
Православиелік христиан өкілдері университетіміз бен тұтас еліміздің рухани және зияткерлік мұрасын байыта отырып, ғылым мен білімді, мәдениетті дамытуға орасан зор үлес қосуда.
Осы тамаша мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасына аманшылық және барлық бастамаларға сәттілік тілеймін! Рождество мерекесі әрбір адамның жүрегіне қуаныш пен жылулық ұялатып, әрбір отбасында бейбітшілік, өзара түсіністік пен бірлік орнатсын!
Ізгі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев