8 қараша 2021 2555

Сәтбаев Университетінің ректоры «Браво» командасымен кездесті

Сәтбаев Университетінің ректоры «Браво» командасымен кездесті

28–29 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан – Қазақстанның цифрлық трансформация орталығы» атты Республикалық хакатон өтті. Хакатонда Сәтбаев Университетінің The.HUB студенттік ұйымының «Бравo» командасы жүлделі 3-орынға ие болды.

Қараша айының басында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев осы команда мүшелерімен кездесті. Жиынға АжАТИ-ның директоры Раиса Өскенбаева қатысты. Ректор команда мүшелеріне университет атынан қатысып, жүлделі орын алғандары үшін алғыс білдіріп, оларға IT саласында кәсіби түрде дами беруге тілектестік білдірді. Ал команда мүшелері өз кезегінде қолдау көрсеткені үшін университетке алғыстарын айтты.

«Браво» командасын қола жүлделерімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту