13 шілде 2020 3994

Сәтбаев университетінің ректоры COVID-19 құрбандарын аза тұту күніне орай көңіл айтады

Сәтбаев университетінің ректоры COVID-19 құрбандарын аза тұту күніне орай көңіл айтады

Ректор Satbayev University Искандер БейсембетовҚымбатты қазақстандықтар!

Коронавирустың таралуы салдарынан қайғылы жағдайға ұшырап, COVID-19 індетінің құрбаны болған жандардың туыстары мен достарына Сәтбаев университетінің барлық қызметкерлері атынан және өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Бұл әр отбасы үшін орны толмас қайғы!

Қазір біз осы жағдайға бей-жай қарамай, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлесе өмір сүретін уақыт келді. Мен, біздің елдің көптеген адамдары сияқты, ертеңгі күнді, жақындарым үшін уайымдаймын. Дегенмен де бұл күтпеген індетті біз жеңіп шығамыз деп сенемін.

Эпидемиямен байланысты қиындықтарды мүмкіндігінше тезірек жеңу үшін, еліміздің барлық тұрғындарын жауапкершілікке, бүкіл сақтық шараларын және шектеулер режимін сақтауға шақырамын.

Сонымен қатар алдыңғы шепте жұмыс істеп, біздің өмірімізді сақтап қалу үшін күресіп жүрген барлық дәрігерлерге шексіз алғысымды білдіргім келеді! COVID-19 індетімен ауырып қалған азаматтардың тез сауығып кетуін тілеймін!

Сәтбаев университетінің Ректоры 
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту