1 қараша 2021 2156

Сәтбаев Университетінің ректоры Европаға оқуға кететін студенттермен кездесті

Сәтбаев Университетінің ректоры Европаға оқуға кететін студенттермен кездесті

2021 жылы  29 қазан күні Сәтбаев Университетінің ректоры М.Бегентаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша күзгі семестрде шетелге оқуға баратын студенттермен кездесу өткізді. Студенттер Еуропаның жетекші университеттерінің бірі – Польшаның Ченстохов политехникалық университетінде оқитын болады.

Ректор студенттердің Еуропада өткізетін алдағы семестрдегі жоспарларын талқылады, оларға сәттілік тілей отырып, алдағы сапардан жарқын эмоциялар жинауға және уақыттарын барынша қызықты әрі жақсы өткізуге тілектестік білдірді. Естелік сыйлық ретінде студенттерге Сәтбаев Университетінің логотипі бар өнімдер табыс етілді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту