25 шілде 2019 5811

Сәтбаев университетінің ректоры «КМГ Инжиниринг» басшыларымен кездесті

Сәтбаев университетінің ректоры «КМГ Инжиниринг» басшыларымен кездесті

Осы жылғы 19 шілде күні Қазақстан Республикасының жетекші техникалық университетінің ректоры Искандер Бейсембетов Сәтбаев университетінде «КМГ Инжиниринг» ЖШС-і басшылығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Искандер Қалыбекович «Политехтың құрылғанына 85 жыл» естелік медалін серіктес-компанияның басшылығына салтанатты түрде табыс етіп, талай жылғы бірлескен жемісті еңбегі үшін оларға алғыс айтты. Ал университеттің құрылғанына 85 жыл толуына орай «КМГ Инжиниринг» ЖШС-нің Бас директоры Хасанов Бақытжан Кеңесұлына алғыс ретінде «Ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрметті сыйлығы табыс етілді.

– Бізбен бірлесіп еңбек еткен жылдар бойы «КМГ Инжиниринг» ғылыми білімді өндіріспен ұштастыруға көмектесіп келеді. Біздің ынтымақтастық қарым-қатынасымыз ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етіп, екі жақты ғылыми потенциалды қолданудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ біздің ұжымдардың жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған байланыстарын одан әрі нығайтуға және жан-жақты кеңейтуге әсер етеді, – деп атап өтті өз сөзінде Сәтбаев университетінің ректоры И. Бейсембетов.

 Ал «КМГ Инжиниринг» ЖШС-нің Бас директоры Хасанов Бақытжан Кеңесұлы өз делегация өкілдерімен таныстыра келіп, олардың ресми сапарының мақсаты – Сәтбаев университетінің ғылыми институттарымен тығыз байланыс орнату екендігіне сенім білдірді. Сонымен қатар Б. Хасанов алдағы уақытта жүйелі және сындарлы мәселелерді шешуге арналған бұрғылау операцияларын басқару жөніндегі ғылыми жобалар аясында сандық технологияларды жасанды интеллектіні қолдана отырып дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы да атап өтті.

Ал Сәтбаев университетінің ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі проректоры Дильда Наурызбаева өз сөзінде оқу орнының жоғары жетістіктері туралы, оның ҚР-да жетекші техникалық жоғары оқу орны атануы туралы, жұмыс берушілер мен эксперттердің бағалауы бойынша ең үздіктер қатарында екені туралы айта келіп, университет холдингінің құрамына кіретін ұйымдардың жұмыстары туралы да сөз қозғады.

Кездесу соңында делегация өкілдері Сәтбаев университетінің институттарын аралап, техникалық және ғылыми-техникалық зертханаларын тамашалады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту