Сәтбаев университетінің ректоры Түркиядағы құтқару операциясына қатысушыларға гранттар тағайындалатынын хабарлады
3 наурыз күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою және тұрғындарды құтқару операциясына қатысқан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын тегін оқытуға бес грант бөлетінін хабарлады.
Ректор ТЖМ қызметкерлерінің алдында салтанатты түрде құттықтау сөз сөйледі:
– Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Түркия Республикасында орын алған табиғи апатқа қарсы ерлік пен табандылық танытты», – деді Мейрам Бегентаев. Білім беру гранттары – сіздер үшін жасай алатын ісіміздің аз ғана бөлігі. Біздің болашақ Төтенше жағдайлар министрлігінің студенттері тек құтқару ісінде ғана емес, оқуда да үздік атана алады деген сенімдемін!
Төтенше жағдайлар министрлігі – еліміздегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюға жауапты негізгі ведомстволардың бірі. Бұл міндетті тиімді атқару үшін жоғары білікті мамандар, соның ішінде техникалық мамандар өте қажет.
Сәтбаев Университеті бұл мекемемен ұзақ мерзімнен бері ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келеді, оның өзіндік тарихы да бар. Университет осы байланысты одан әрі дамытып, нығайтуға, құтқарушылардың және жалпы департаменттің әлеуетін арттыруға және жастардың армандарын жүзеге асыруға көмектесуге ұмтылады. Еліміздегі тұңғыш техникалық университетте білім алуға бөлінген гранттар дәл осы мақсатта қызмет етеді.
Біз грант иегерлерін шын жүректен құттықтап, оларға оқуда сәттілік тілейміз!