Сәтбаев университетінің сарапшылары тұрақты даму бойынша халықаралық сараптамалық сессияға қатысты

ШЫҰ-ның халықаралық форумы аясында 2025 жылғы 3 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты дамудың белгісі(сіздігі)» атты сараптамалық сессия өтті. Бұл іс-шараға 200-ден астам университеттердің, ШЫҰ елдерінің іскер топтары мен мемлекеттік органдарының өкілдері жиналды, сөйтіп ол тұрақты даму, декарбонизация және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларын талқылаудың негізгі алаңына айналды. Сессия Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен жарияланған ШЫҰ-дағы Тұрақты даму жылы аясында өтті.
Сессияға Сәтбаев университеті атынан PhD докторы, профессор, Жобаларды басқару институты директорының орынбасары Жүнісбекова Назым Маратқызы қатысты. Назым Маратқызы өз сөзінде академиялық және бизнес секторларын біріктіру, климат мәселелерін шешуге жобалық тәсілді енгізу, сондай-ақ ESG және «жасыл» экономика саласына қажетті білікті мамандарды даярлау қажеттілігіне баса назар аударды. Сонымен қатар ол ШЫҰ алаңы аясында университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық байланыс тәжірибемен, біліммен және инновациямен алмасу үшін өте маңызды екенін де атап өтті.
Сәтбаев университетінің осы іс-шараға қатысуы оның тұрақты дамуын ілгерілетудегі, жаңа кадрларды даярлаудағы және Қазақстан мен жалпы ШЫҰ аймағының бағдарланған экологиялық болашағы үшін шешімдерді әзірлеудегі белсенді ұстанымы мен жетекші рөлін тағы бір рет дәлелдеді.