Ақпарат:

30 мамыр 2024 4330

Сәтбаев Университетінің сарапшысы Самғат Ермекбаев Болон процесі Бақылау тобының 91-отырысы аясында өткен Министрлік конференциясының панельдік сессиясында сөз сөйледі

Сәтбаев Университетінің сарапшысы Самғат Ермекбаев Болон процесі Бақылау тобының  91-отырысы аясында өткен Министрлік конференциясының панельдік сессиясында сөз сөйледі

2024 жылғы 29–30 мамыр аралығында Тирана қаласында (Албания) Болон процесі Бақылау тобының 91-отырысы өтті, соның аясындағы өткен Министрлік конференциясының панельдік сессиясында Сәтбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық және даму стратегиясы бойынша бірінші проректоры Самғат Ермекбаев жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектті пайдалану жөнінде баяндама жасады.

Бельгия мен Қасиетті Тақтың тең төрағалық етуімен өткен отырысқа Еуропаның жоғары білім кеңістігі, Орталық Азия және Кавказ елдерінің білім министрліктерінің, сондай-ақ Еуропа Кеңесі, EURASHE, EUA, ENQA, ESU, ЮНЕСКО және EQAR секілді серіктес ұйымдардың өкілдері жиналды. Бұл отырысқа Қазақстанның атынан Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысып, өз сөзін Болон процесі аясында ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытудың табысты тәжірибесіне және осы саладағы ынтымақтастыққа арнады.

Кездесу барысында сондай-ақ Болон процесінің негізгі көрсеткіштерін енгізудің озық тәжірибелері мен қиындықтары, ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарында жасанды интеллектті пайдаланатын цифрлық «жасыл дағдылар» бойынша сессиялар өтті. Еуропалық жоғары білім кеңістігінің Министрлік конференциясының және Жаһандық саясат диалогының панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде Самғат Ермекбаев жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолданудың проблемалары мен перспективалары туралы айтты.

– Біз қажетті құзыреттерді анықтау үшін, Жаңа мамандықтар атласына сүйенеміз, ал аналитиканы пайдалана отырып, алдағы бес жыл ішінде бізге қандай білім беру жүйесі қажет болатынын болжаймыз», – деді Самғат Қуатұлы өз сөзінде. – Сонымен қатар студенттеріміз бен түлектеріміз еңбек нарығында өз мансаптарын қалай құратынына сараптама жасаймыз.

Ол жасанды интеллекті пайдалану сараптама жасауда жақсы аналитикалық құрал бола алатынын және жоғары оқу орындарының өзектілігін сақтап, елге қажетті оқу мен білім беруге көмектесетінін атап өтті.

Қазақстан Еуропалық жоғары білім кеңістігіне интеграцияланған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болып қала береді. Біздің еліміз Орталық Азияның басқа елдерімен де бірлескен білім беру бағдарламалары мен бастамалары арқылы белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, бұл өз кезегінде аймақтағы білім беру байланыстарын нығайтуға көмектеседі.

Ел басшылығы жоғары оқу орындарында интернационалдандыру стратегиясын белсенді түрде алға жылжытуда. Бұл бағыт қазақстандық студенттерді жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге дайындауға және еліміздің жаһандық білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық жоғары білім кеңістігімен белсенді ынтымақтасатығы атап өтілді, бұл жаһандық ресурстар мен білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, мәдени алмасуға және әлемдік білім беру қауымдастығында елдің беделін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту