9 қыркүйек 2024
2286
Сәтбаев Университетінің студенттері АЭС туралы дәріс тыңдады

Сәтбаев Университетінің студенттері атом электростанциялары тақырыбына арналған дәріс тыңдады. Дәрісті осы саланың жетекші эксперт маманы оқып, студенттерге атом электростанцияларының негізгі аспектілері жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
Дәріс барысында атом реакторларының әр түрлері мен атом электростанцияларын қолданудағы экологиялық және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Студенттер атом электростанциялары жұмысына қатысты өздерін қызықтыратын теориялық және практикалық сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.