Ақпарат:

26 қыркүйек 2024 1269

Сәтбаев Университетінің студенттері деректерді сақтаудың болашағын құра отырып, мұрағаттау ісінде цифрлық революция бастауда

Сәтбаев Университетінің студенттері деректерді сақтаудың болашағын құра отырып, мұрағаттау ісінде цифрлық революция бастауда

Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Archive Hack: Ақылды архив» атты бірінші хакатон өтті. Университет пен колледж студенттерінен құралған командалар мұрағат деректеріне қол жеткізу, оларды цифрландыру, қорғау және сақтау бойынша жаңа шешімдер жасау үшін бір-бірімен жарысты.

Қазақстанның мәдени мұрасына тарихи қолжетімділікті жасау үшін, материалдарды неғұрлым қолжетімді және қызықты етіп, оны жастарға ашық ету үшін, қатысушылар екі күн бойы жұмыс істеп, бар білімдері мен жасампаздықтарын ортаға салды. Хакатонды салтанатты түрде ашқан Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина жастар шығармашылығының жоғары деңгейін және бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті:

– Бүкіл өркениетті елдерде мұрағат әрқашан ұлттық қазына, мәдени құндылық, стратегиялық маңызды ақпараттық ресурс ретінде қарастырылады», – деді Әлия. – Қазіргі мұрағаттар – бұл кең көлемді ақпарат, деректер базасы, бұл ондағы ресурстарды жаңа шешімдер қабылдау үшін, ғылыми жобаларға пайдалану үшін және т.б. мақсатта пайдаланудың шексіз мүмкіндіктері. Бүгінгі ашылған бірінші хакатон студенттер арасында осындай қызығушылық тудырғаны бізді қатты қуантады.

Сәтбаев Университетінің студенттері деректерді сақтаудың болашағын құра отырып, мұрағаттау ісінде цифрлық революция бастауда

Хакатонға 165 адам қатысты, олардың үштен бірі – мектеп оқушылары. Сәтбаев Университеті бұл жастардың идеялары еліміздің мәдени мұрасын сақтауға және оны танымал етуге көмектесетініне, ал ең дарынды жас инженерлер болашақта біздің университетте оқуын жалғастырып, жоғары білім алып шығатынына сенім білдіре отырып, оларға шығармашылық алаң ұсынды. Жарысқа барлығы 43 команда қатысты, ал 20 адам өз алдына жеке қатысу туралы шешім қабылдады.

Қатысушылар үш секцияға бөлінді, олардың әрқайсысының міндеті белгілі бір мәселені шешуге бағытталды. Young Archivists Initiative (Жас мұрағатшылар бастамасы) секциясы виртуалды мұрағаттарды интерактивті көрмелермен бірге әзірлеуге бағытталды. Designing Heritage (Мұраны жобалау) секциясының командалары Президент мұрағаты үшін бренд-бук әзірлеуге кірісті. Ал Tech Solutions for Heritage (Мұраға арналған техникалық шешімдер) секциясы қолжазба мәтінін тану жүйелері және бүлінген құжаттарды цифрлық қалпына келтіру алгоритмдері сияқты технологиялық шешімдерді әзірлейтін топтарды біріктірді. Бүкіл хакатон барысында Yandex Qazaqstan компаниясының мамандары қатысушыларға қолдау көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Сәтбаев Университетінің студенттері деректерді сақтаудың болашағын құра отырып, мұрағаттау ісінде цифрлық революция бастауда

Хакатон жұмысы аясында қатысушылар қазылар алқасына өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды, ал қазылар алқасы Сәтбаев Университетінің, Президент мұрағаты мен Yandex Qazaqstan компаниясының жетекші мамандарынан құралды. Жеңімпаз атанғандар:

Young Archivists Initiative – Ең үздік мектеп жобасы

  • 1-орын Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасы;
  • 2- Алматы қаласы № 113 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған «Stars» командасы;
  • 3-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «Ганди» командасы.

Designing Heritage - Ең үздік брендбук дизайны

  • 1- орын Алматы қаласы №79 мектеп-гимназиясының «Eleven VG» командасы;
  • 2-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «TRV designers» командасы;
  • 3- орын Satbayev University мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) «Triple-A» командасы.

Tech Solutions for Heritage - Ең үздік инновациялық шешім

  • 1- орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Adapteam» командасы;
  • 2-орын Қазақстан-Британ техникалық университетінің «KBTU_hachaton_enjoyers» командасы;
  • 3-орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Spark Studio».

Хакатонның жеңімпаздары мен барлық қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды. Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасына Satbayev University білім сертификаттары берілді. Сонымен қатар жүлдегерлер жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын қаржылай сыйлықтарға ие болды.

«Archive Hack: Ақылды архив» хакатоны жастардың мұрағаттық деректермен және ондағы жаңа технологиялармен танысып, өзара әрекеттесуі үшін маңызды алаңға айналды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл іс-шара цифрландыру және мәдени мұраны сақтау саласы бойынша одан әрі ынтымақтастық қарым-қатынас жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сәтбаев Университетінің студенттері деректерді сақтаудың болашағын құра отырып, мұрағаттау ісінде цифрлық революция бастауда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту