8 қазан 2021 2764

Сәтбаев Университетінің студенттері Фархат Серкебаевпен кездесті

Сәтбаев Университетінің студенттері Фархат Серкебаевпен кездесті

Сәтбаев Университетінің Ғылыми кітапханасында студенттер қазақстандық әйгілі кинорежиссер, сценарист, продюсер, «Аға» криминалды фильмінің режиссері Фархат Серкебаевпен шығармашылық кездесуі өткізді. Кездесуде студенттер кино әлеміне саяхат жасап, өнер және мәдениетпен жақынырақ танысты.

Кино – өмірдің айнасы, ақиқаты. Режиссердің шеберлігі – соны көрерменге көзбен, сөзбен қайталанбайтын шынайы картинамен жеткізуінде деп атап өтті. Әрине, осындай жақсы жетістіктерге жету үшін, режиссер әртүрлі жанрда жазылған кітаптарды оқып, ой түйетінін де жасырмады.

 Кездесу барысында студенттер  қонағымызға өз ойларындағы жүрген қызықты сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.  Алдағы уақытта Фархат Серкебаев университеттегі талантты жастармен кино әлеміндегі тәжірибесімен бөлісіп, болашақта мықты жобаларды бірігіп жасайтынын да айтты. Кездесу соңында дәстүр бойынша студенттер Фархат Серкебаевпен естелік суретке түсті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту