Сәтбаев университетінің студенттері ІТ-байқауға қатысады
Сәтбаев университетінің бағдарламашыларынан құрылған екі команда Ideaton – халықаралық хакатон Urban.Tech Moscow байқауының Алматыда өткен жарысының жеңімпазы атанды. Алмас Заурбек басқарған «МСК50» командасы 26 команда арасынан 1-орынға ие болса, Сандық техника және технологиялар институтының Владислав Бубликов пен Дэннис Алтаев басқарған командасы 3-орынға ие болды. Енді олар халықаралық RoadShow Urban.Tech байқауына қатысып, Мәскеу қаласының басшысы тағайындаған 1 миллион рубль сыйлығы үшін күш сынасады.
MOST бизнес-инкубаторы және Алматы қаласы даму орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Ideaton байқауы 2 қараша күні өтіп, онда Мәскеу қаласында өтетін хакатонға қатысушы командалар іріктеп алынды. Оған 26 команда қатысып, әрқайсысы қаланың келешекте өркендеп дамуы жолына арналған жобаларын алға тартты. Жеңімпаз командалар маркетплекс және бейнелеу бойынша товарларды іздестіру саласына қатысты жобаларын ұсынды. Басқа жобалар да товарлар іздестіру мен қала өмірін гүлдендіруге арналды. Командалардың бірі қыстыгүні қаланы қардан тазарту мен қар жауған кезде қала көліктерінің бағытын оңтайландыру мәселесі туралы идеясын ұсынды. Тағы бір команданың жобасы да қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізу саласына арналды.
Хакатон Urban.Tech Moscow – Шығыс Европа мен ТМД елдері арасындағы ең ірі бағдарлама, ол қала өміріне сандық технологиялар шешімдерін енгізу жөніндегі технологиялық командалар мен халықаралық жарыстарды дамытуға арналған. Ресейден басқа ол тағы да алты елде өтеді: Израиль, Латвия, Чехия, Қазақстан, Беларусь, Армения. Хакатон өткізу аясында көптеген қаржыландыру мәселелері шешіліп, стартаптар дамытылады, командалар бір-бірімен тәжірибе алмасады және Мәскеудің инновациялық белдеулеріне саяхат жасайды.
Сондай-ақ хакатон іс-шарасына бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері де белсене қатысады. Атап айтқанда, Kaspersky компаниясы, Банк ВТБ, SberCloud, Ростелеком және Mail.ru Group өз тарапынан тапсырмалар ұсынды. Жобаның он бағыты бойынша 10 команда жеңімпаз атанып, әрқайсысы 1 миллион рубль ұтып алатын болады. Сөйтіп байқаудан кейін олар өз жобаларын іске асыра алады.