22 қыркүйек 2021 2597

Сәтбаев Университетінің студенттері Қала күніне арналған көрмеге қатысты

Сәтбаев Университетінің студенттері Қала күніне арналған көрмеге қатысты

2021 жылы 19 қыркүйек күні Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты «Сәулет» кафедрасының 1-курс студенттері Алматыда Қала күні мерекесіне арналған көрмеге қатысты. Студенттер қалалық ортаны безендіру және ұйымдастыру жөніндегі кейбір мәселелерді белсенді түрде талқылап, өз идеяларын ұсынды.

Қаланы безендіру бойынша жобалық шешімдерді «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, қала басшылығы, сәулет саласы бойынша көрнекті қайраткерлер, сәулет және ландшафтық дизайн саласындағы білікті мамандар қатысты.

Көрмеде қалалық ортаны көгалдандыру және оның құрылымын қайта құру бойынша жобалық шешімдер ұсынылып, көрсетілді.

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту