Ақпарат:

17 қазан 2025 130

Сәтбаев университетінің студенттері Канада елшісі Кристофер Дагганмен халықаралық қатынастар туралы талқылады

Сәтбаев университетінің студенттері Канада елшісі Кристофер Дагганмен халықаралық қатынастар туралы талқылады

Сәтбаев университетінің студенттері Канада Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганмен ашық кездесу өткізді. Кездесу форматы дәстүрлі дәрістерден өзгеше болды – елшінің бастамасы бойынша кездесу «Chatham House discussions» рухындағы ашық пікірталас форматында өтті, мұнда студенттер пікірлерін еркін түрде білдіріп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Кездесудің негізгі тақырыптары – Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастар, білім беру, энергетика және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың болашағы туралы болды. Студенттер екі ел арасындағы диалогтың дамуы жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды, ал елші дипломатиялық жолдағы өз тәжірибесімен бөлісіп, әлемнің әртүрлі елдеріндегі қызметі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар ол студенттерге дипломатия саласында мансап құруға қатысты бірнеше практикалық кеңес беріп, халықаралық аренада тиімді келіссөз жүргізудің қыр-сырымен таныстырды.

Кристофер Дагган – Румыния, Ямайка, Нигерия және Украинада басшылық лауазымдар атқарған тәжірибелі дипломат. Оның Сәтбаев университетіне жасаған сапары – Қазақстан мен Канада арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Дәріс біткеннен кейін елші Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевпен кездесті. Кездесу барысында екі жақ тараптар университеттің канадалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейту және алдағы бірлескен ғылыми зерттеулер мәселелері туралы талқылады. Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, дипломатиялық қауымдастық пен Қазақстанның академиялық қауымдастығы арасындағы ашық диалогтың жарқын үлгісіне айналды.

Сәтбаев университетінің студенттері Канада елшісі Кристофер Дагганмен халықаралық қатынастар туралы талқылады

Сәтбаев университетінің студенттері Канада елшісі Кристофер Дагганмен халықаралық қатынастар туралы талқылады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту