Сәтбаев университетінің студенттері мен қызметкерлері жалпықалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты

2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 11:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Азаматтық қорғаныс, Еңбекті қорғау штабының қызметкерлері студенттер мен қызметкерлерге арналған «Төтенше жағдай кезінде студенттер мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру» атты тақырыпта жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.
Қауіпсіздік қызметінің мамандары жаттығуға қатысушыларға зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттеріне эвакуациялау жолдары туралы ақпарат берді.
Ал дабыл чемоданының құрамы мен оның ішіндегі қажетті заттарды көрсету мүмкіндігі студенттердің өздеріне берілді.
Жаттығуға 3250 адам қатысты.