19 наурыз 2019 3493

Сәтбаев университетінің студенттері – Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы

Сәтбаев университетінің студенттері – Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы

Ағымдағы жылдың 14 наурызында ҚазБСҚА-да жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Осы іс-шара жұмысына еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: С.Торайғыров атындағы ПМУ (Павлодар), М.Х.Дулати атындағы ТМУ, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, Л.Б.Гончаров атындағы ҚазКЖИ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, ҚазБСҚА, Ш. Есенов атындағы КМУТИ.

Олимпиадаға Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институтының 2–3-курс студенттері қатысты. Өткізілген олимпиада нәтижесінде біздің студенттер әртүрлі пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болды. А.А.Сүлеймен I дәрежелі дипломмен, ал М.Т.Өтегенов, А.А.Рахметулла, Б.Қамза және М.Н.Баят II дәрежелі дипломмен марапатталды.  

«Құрылыс және құрылыс материалдары» мамандығының оқытушылары студенттерді осы олимпиадаға жақсы дайындап, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту