16 қараша 2018 5670

Сәтбаев университетінің студенттері шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты

Сәтбаев университетінің студенттері шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты

Үстіміздегі жылы 13 қараша күні Сәтбаев университетінің студенттері «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында студенттерге өз күштерімен тамаша білім алып, оқуда жақсы нәтиже көрсете отырып, Европа мен Американың таңдаулы алдыңғы қатарлы университеттерінде оқу үшін грантқа қалайша қол жеткізуге болатыны жайлы, сондай-ақ шетелде тегін өмір сүру және шәкіртақы алып тұру жолдары жайлы да түсіндіріп берді.

Сәтбаев университетінің студенттері жыл сайын «Болашақ» бағдарламасының гранттарын жеңіп алып, шетелдік таңдаулы университеттерде магистратура бағдарламасы бойынша тегін білім алуда. Биылғы жылы да студенттер оқуда жақсы нәтиже көрсетеді деген сенім мол.

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты – еліміз экономикасының жетекші секторларына қажетті кәсіби және білікті мамандарды даярлау. Аталмыш бағдарлама бойынша академиялық білім алуға да болады (магистратура, докторантура), сондай-ақ дүние жүзінің ірі-ірі белгілі компаниялары мен жетекші университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуге де болады. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту