Сәтбаев Университетінің студенттері шетелдегі оқулары жайлы пікірлерімен бөлісті
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров Сәтбаев Университетінің Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мишкольц университетінде (Венгрия) білім алып жатқан магистранттарымен кездесті. «Мұнай инженериясы» мамандығы бойынша 1-курста оқитын студенттер Мишкольц университетінде <Petroleum engendering> («Мұнай өндіру») бағыты бойынша мамандар даярлау ісінің жоғары деңгейде екенін, әсіресе университет зертханаларында толығымен заманауи технологиялық жабдықтар орнатылғанын ерекше атап өтті. Студенттерді осылайша академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдерге оқуға жіберу – Сәтбаев Университетінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.