4 наурыз 2020 2869

Сәтбаев университетінің студенттері «StudentDigitalFest» зияткерлік сайысында жеңімпаз атанды

Сәтбаев университетінің студенттері «StudentDigitalFest» зияткерлік сайысында жеңімпаз атанды

27 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында StudentDigitalFest байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Сәтбаев университетінің OXYGEN командасы MAASP автономды калькуляторын жасау конкурсында жеңіске жетті.

Байқау екі кезеңнен тұрды: конкурс тақырыптары бойынша шешім жобасына төлқұжат әзірлеу, шешімдерді әділ қазылар алқасы алдында қорғау. Байқауды Kazenergy қауымдастығы және Karachaganak Petroleum Operating компаниясы ұйымдастырды.

Құрамында капитан Сейітжанов Аңсар, Саменов Ерназар, Темірқас Мерей және Умербаева Айжан сайысқа түскен OXYGEN командасы жеңімпаздар ретінде Karachaganak Petroleum Operating компаниясында ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді.

Барлық сайыскерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту