20 наурыз 2024 2109

Сәтбаев Университетінің студенттері Students’ Nauryz Fest фестивалінде

Сәтбаев Университетінің студенттері Students’ Nauryz Fest фестивалінде

Қазақстан-Британ техникалық университетінде Наурыз мейрамы аясында студенттік музыка фестивалі мен «Этно-ауыл» көрмесі өтті. Мұнда қаланың он екі жоғары оқу орнының командалары жиналды, ал Сәтбаев Университетінің студенттері фестивальға арнайы бағдарлама әзірледі.

Фестиваль «Этно-ауыл» көрме-жәрмеңкесінің ашылуымен басталды, онда студенттер көркемсурет галереясын тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты, сондай-ақ тоғызқұмалақтан, сурет салудан, домбыра тартудан шеберлік сабақтарына қатысты.

Жәрмеңкеден кейін мерекелік концерт басталды, оған Сәтбаев Университетінің «Meir BAND» вокалды-аспаптық ансамблі және Данияр Байдаралин жетекшілік ететін «Бес қару түрі» ұлттық әскери-өнер бірлестігі қатысты. Бұл топ найза, садақ пен қылышты меңгерген шеберліктерін көрсетті.

«Бес қару түрі» – ежелгі көшпенділердің бірегей жауынгерлік өнері, ол Қазақстан аумағында ғасырлар бойы сақталып келді, ал тарихшы-энтузиаст Данияр Байдаралин Сәтбаев Университетінде оны жаңартып, қайтадан қалпына келтірді. Бұл көне өнер түрі ашық аспан астында өткен көктемгі нео-этно фестивальға тамаша қосымша іспетті болды, әрі этномәдениетті заманауи музыкамен, сәнмен, ұлттық тағамдармен, қолөнермен үйлестіріп, тұтас Орталық Азияның шығармашыл жастарын біріктіре түсті. Фестиваль әртүрлі университеттердің студенттеріне бірлесіп жұмыс істеу үшін қарым-қатынас орнатуға, ұлттық шығармашылық саласындағы тәжірибе мен идеялар алмасуға көмектесетін алаңға айналды.

Наурызнама күндері әлі де өз жалғасын табады. Осылайша, 21 наурыз күні «Астана» алаңы мен Республика сарайының алдындағы Абай алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, «Көш. Наурыз – думан» атты үлкен мерекелік шеру өтеді.

Студенты Satbayev University зажигают на Students’ Nauryz Fest

Студенты Satbayev University зажигают на Students’ Nauryz Fest

Студенты Satbayev University зажигают на Students’ Nauryz Fest

Студенты Satbayev University зажигают на Students’ Nauryz Fest

Студенты Satbayev University зажигают на Students’ Nauryz Fest

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту