Ақпарат:

24 қыркүйек 2025 231

Сәтбаев университетінің студенттері танымал отандастары Елдан Абрашиммен кездесті

Сәтбаев университетінің студенттері танымал отандастары Елдан Абрашиммен кездесті

SU Talks жобасы аясында студенттер Қазақстанның танымал IT-маманы, қазақстандық IT мамандарының жұмыс іздеуіне арналған платформаның негізін қалаушы Елдан Абдрашиммен кездесті.

Елдан Абдрашим – алматылық азамат, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің түлегі. Өзінің мансабын көтеру барысында ол Apple және Microsoft корпорацияларында Senior AI/ML Engineer қызметін атқарған, сондай-ақ PandaDoc және Wargaming (World of Tanks) компанияларында Senior Software Engineer болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол Allosta AI компаниясында Chief AI Officer лауазымын атқарады және B2B сегментіне арналған AI ecosystem мен AI agents LLM негізінде құру жобаларын дамыту үстінде.

Кездесу барысында студенттер жасанды интеллект саласындағы жаһандық үрдістер, осы мамандықтың болашағы мен жас мамандардың даму жолдары туралы ақпарат алды. Елдан халықаралық компаниялардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, үздіксіз білім алудың, командада жұмыс істеудің және жаһандық мақсаттарға ұмтылудың мансап құруда өте маңызды екендігін атап өтті.

Бұл кездесу халықаралық деңгейде табысқа жеткен қазақстандық маманнан шабыт алып, Қазақстанда бастау алған идеяларды әлемдік деңгейде жүзеге асыруға болатынын көзбен көруге студенттер үшін тамаша мүмкіндік болды.

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту