Сәтбаев университетінің студенттері «Тау-кен ісі» бойынша республикалық олимпиадаға қатысты
Үстіміздегі жылдың 4–5 сәуір күндері Рудный индустриалдық институтында жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Тау-кен ісі» мамандығының «Тау-кен өндірісінің негіздері», «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 7 жоғары оқу орнының студенттері қатысты:
- Сәтбаев университеті
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
- Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- Рудный индустриалдық институты (студенттер конкурстан тыс қатысты).
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші: «Тау-кен өндірісінің негіздері», «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәндері бойынша тест. Екінші кезең: Есептеу-графикалық жұмыстар (ашық және жер асты тау-кен жұмыстары бойынша).
Олимпиада қорытындысы бойынша екінші турда Есептеу-графикалық жұмыстар номинациясы бойынша (ашық және жер асты тау-кен жұмыстары) Сәтбаев университетінің студенттері жеңімпаз атанып, команда мақтау қағазымен марапатталды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеке есепте Сәтбаев университетінің студенттері Тұрағұлова Фариза мен Оралтаев Нұртай жүлделі 1- және 2-орынға ие болып, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олимпиада қорытындысы бойынша сондай-ақ университет ректоры Е.Қ. Бейсембетов мырзаға «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша студенттерді жақсы дайындағаны үшін Алғыс хат табыс етілді.
Ал студенттерді олимпиадаға дайындап, олардың жетекшісі болған – қауымдастырылған профессор М.Н.Сәндібеков.