4 мамыр 2023
4023
Сәтбаев Университетінің студенттері жалпыұлттық диктант жазу шарасына қатысты

2023 жылғы 4 мамыр күні сағат 11:00-де университетте мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне арналған «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өткізілді. Диктант жазудың мақсаты өскелең ұрпақтың қазақ тілін білу деңгейін тексеру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін ұлықтау, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді дәріптеу болды.