Ақпарат:

30 желтоқсан 2022 3652

Сәтбаев Университетінің тәлімгерлері SAF-2022 робототехника фестивалінде Қазақстанға жеңіс әкелді

Сәтбаев Университетінің тәлімгерлері SAF-2022 робототехника фестивалінде Қазақстанға жеңіс әкелді

Сәтбаев Университетінде жұмыс істейтін Халықаралық робототехника академиясының 13 тәлімгері STEAM Azerbaijan Festival 2022 фестивалінде жеңіске жетіп, ең басты 7 жүлдеге ие болды, сөйтіп өздерін бүкіл әлемге танытты.

STEAM Azerbaijan Festival 2022 (Баку қаласы, 4–10 желтоқсан) — инновациялар әлеміндегі ең үлкен фестиваль, ол робототехника саласы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған жас мамандарға есігін айқара ашты. Фестивальде Әзірбайжан, Түркия, Эстония, Швеция, Ұлыбритания, Өзбекстан сияқты елдердің студенттері мен оқушылары 10 номинация бойынша бақ сынасып, алдыңғы қатарлы инновациялық жобалар көрмесіне қатысты. Қазақстаннан барған 5 команда фестивальда топ жарып, әлемді аузына қаратты.

Фестивальға қатысқан академия студенттері Алматының әртүрлі мектептерінде оқиды, ал Сәтбаев Университеті жанындағы Халықаралық робототехника академиясында осы академияның негізін қалаушы Том Лумның жетекшілігімен білім алады. Олар 350 командаға бөлінген 1300-ден астам қатысушылармен болған бәсекеге төтеп беріп, фестивальдің VEX Robotics Competition атты басты байқауында 7 бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар 1729Х New Empire жасөспірімдер командасы командалық жұмыс сайысында 2-орын және жеке есепте 3-орын, тағы бір 1729К LSF жасөспірімдер командасы командалық жұмыс сайысында 3-орын және жеке есепте 2-орынға ие болды.

Халықаралық бақылаушылар қазақстандық командалардың өте жоғары деңгейде өнер көрсеткеніне және бұған мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейтіндігіне таңқалды, ал қатысушылардың осы сапардағы жол шығынын олардың отбасы өз мойындарына алған болатын.

Халықаралық робототехника академиясы Политех жанында ашылғанына бір жыл болды. Бұл жоғары білім беру жүйесіндегі ең тамаша жоба, өйткені ол дарынды оқушыларға мектеп қабырғасында оқып жүріп, инженерлік мамандықты ерте бастан игеруге мүмкіндік береді. Академияда 5 жастан бастап, 17 жас аралығындағы балалар оқиды, сабақ барысында олар математиканы тереңдете оқиды, түрлі роботтар мен механизмдерді құрастырады, Vex IQ және Vex V5 сияқты қуатты заманауи платформалар арқылы ол роботтарды тесттен өткізеді және сынайды.

Академияның негізін қалаушы Томас Ноа Лумэ Қазақстанда 8 жылдан астам жұмыс істейді. Ал Сәтбаев Университеті академияға техникалық қолдау көрсетеді.

Біз жеңімпаздарға алдағы уақытта Қазақстанда робототехника саласын дамыту жолында жаңа табыс тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту