Ақпарат:

24 қаңтар 2019 4978

Сәтбаев университетінің түлектері тамаша стартапты іске қосты

Сәтбаев университетінің түлектері тамаша стартапты іске қосты

Халықаралық қайта құру және даму банкінің гранты мен Жобаларды басқару тобының «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы арқасында Қазақстан нарығында жаңа компания – «Savenergy» компаниясы пайда болды. Ол елімізге өте қажетті тамаша өнім – жылу өткізбейтін вакуумды панель өндіреді. Бұл ерекше өнім ұсақ-ұсақ қуыстары бар материалдан жасалған, отқа жанбайды, улы газ бен булар бөлінбейді, ал оның қолданылу мерзімі 50 жылға дейін жетеді.

Стартапты Сәтбаев университетінің түлектері, ғылым докторы Руслан Нұрлыбаев пен Валенсия университетінің ғылым магистрі Айдос Жолдасов өз қолдарымен жасап шығарған.

2012 жылы ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, ұсақ-ұсақ қуыстары бар материалдың құрылысы толық зерттеліп, жылу өткізбейтін вакуумды панель жасаған кезде оны қолдану қажеттігі туралы шешім қабылданған болатын. Бірлесе жасаған бұл жұмыстың нәтижесінде докторлық диссертация жазылып, 2015 жылы ол сәтті түрде қорғалды.

2016 жылы Сәтбаев университетінің Коммерциализациялау кеңсесінің қолдауымен серіктестер жылу өткізбейтін вакуумды панель өндірісін Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты бірлескен жобасы бойынша кіші ғылыми қызметкерлер арасында өткен байқауға ұсынған болатын.

Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы 2016 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты – елімізге аса қажетті технологияларды коммерциализациялау жөніндегі зерттеулерге қолдау көрсету. Стартапқа мемлекет пен жеке серіктес тұлға – «ErnarService» инвестиция құйды. Бүгінгі таңда өндіріс көлемін арттыру мен оны автоматтандыру жөнінде ірі инвесторлармен келіссөз жүріп жатыр.  

Ақпарат көзі: businessmir.kz
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту