Ақпарат:

14 желтоқсан 2023 4017

Сәтбаев Университетінің жас ғалымы Сүлеймен Демирел университетінің ғалымдарымен бірге ерітінділерден металдарды алу процесін зерттеуде

Сәтбаев Университетінің жас ғалымы Сүлеймен Демирел университетінің ғалымдарымен бірге ерітінділерден металдарды алу процесін зерттеуде

Сәтбаев Университетінің жас ғалымы Ерік Меркібаев металлургия саласында түркиялық әріптестерімен бірге Сүлейман Демирел университетінде халықаралық жоба бойынша бірқатар тәжірибелер жүргізу үшін Түркияға ғылыми сапармен барып қайтты. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан алынған түсті металдардың төмен сұрыпты тотыққан кендері мен қалдықтарын өңдеу технологиясын әзірлеу бойынша жүргізілген бұл зерттеу жұмысына «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Татьяна Чепуштанова мен Сүлейман Демирел университетінің профессоры Ата Утку Акчил жетекшілік етуде.

Ерік Меркібаев Сүлейман Демирел университетіндегі әріптестерімен бірге ACCORGA сияқты жаңа экстрагенттерге сынақ жүргізумен, ерітінділерден алынған металдарды концентрациялау және тазарту жұмыстарымен айналысады, ондағы мақсат – мыс, никель және кобальтты сұйық экстракциялау процесін қарқынды ету үшін, ерітінділерден металдарды алу үрдісін тиімдірек ету бойынша тәжірибелер жүргізу.

Экстрагентті қоспалардың құрамы Сәтбаев Университетінің «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасында әзірленген. Зерттеудің негізгі нәтижесі – күкірт-тұз қышқылы-гептан қоспаларын қолдану қолданыстағы экстрагенттермен салыстырғанда мыс бөліп алуды 20%-дан астам арттырады.

Зерттеулер «жұмсақ металлургия» принциптерін енгізуге бағытталған. Қазіргі уақытта технология халықаралық сынақтан өтуде. Сонымен қатар ерітінділерден никель алу бойынша зерттеулер де жүргізілуде. Экологиялық таза әрі тиімді процестерді пайдалана отырып, никель мен кобальт алудың жаңа технологиялары Қазақстан өнеркәсібі үшін өте маңызды. «Таза» технологиялардың дамуымен қатар маңызды металдар нарығы да қарқынды дамып келеді. Аса маңызды металдар деп никель, кобальт, литий, мыс, алюминий және т.б. аталады, өйткені олар өнеркәсіпке энергетикалық ауысу аясында өте қажет.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (МЭА) зерттеуіне сәйкес, соңғы бес жылда литийге деген сұраныс үш есе, кобальт – 70%, никель – 40% өсті. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев периодтық таблицасындағы 118 химиялық элементінің 99-ы анықталған, сондықтан да ол әлемдік нарыққа аса маңызды металдарды жеткізушілердің бірі бола алады.

Сүлейман Демирел атындағы университетте профессор Ата Утку Акчил жетекшілік ететін зертхана тамаша әсер қалдырды, ал бірлескен халықаралық ынтымақтастық зерттеулер ғылым мен ғылыми ойдың шекарасы жоқ екеніне тағы да бір дәлел болды. Аталмыш жоба жас ғалымдардың аса белсенді металлургия мен экологиялық таза технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерге деген ұмтылысын көрсетеді.

Молодой ученый Satbayev University изучает процесс извлечения металлов из растворов совместно с учеными из Университета Сулеймана Демиреля

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту