«Satbayev International Conference – 2025»: болашақ зерделі әлемнің ғалымдарды Сәтбаев университетіне жиналды

Сәтбаев университетінде «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект: процестерді оңтайландыру және автоматтандыру шешімдері» тақырыбына арналған халықаралық Satbayev International Conference – 2025 басталды.
Конференцияға АҚШ, Қытай, Малайзия, Польша, Түркия, Беларусь, Әзірбайжан және Өзбекстан елдерінің ғалымдары мен инженерлері жиналып, жасанды интеллект технологиялары негізгі өндірістік салалардағы даму, басқару және оқыту тәсілдерін қалай өзгертетіні туралы талқылады.
Конференция жұмысы алты ғылыми бағытты қамтыды, оның ішінде тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі цифрлық трансформация, табиғи ресурстарды басқаруда ЖИ қолдану, сәулет, жобаларды басқару және білім беру бағыттары бар. Конференцияда 250-ден астам ғылыми баяндамалар қабылданып, секциялық отырыстарда 150-ден астам зерттеуші сөз сөйледі. Олардың 50-ге жуығы ғылыми жетістіктері үшін әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.
Конференцияға шетелден шақырылған сарапшылар қатысты – Санвей университетінен (Малайзия) доктор Нуман Аршид және Мичиган университетінен (АҚШ) доктор Саманта Коулан, Қазақстан Республикасындағы инновациялық болашағына деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ғылым мен білім және өндіріс арасындағы қызықты диалогты бастады.
Инженерия мен өндіріс орындарындағы практикалық мәселелерді шешуде жасанды интеллекті пайдалануға қызығушылық артып келе жатқанын осы конференция көрсетті. Ал қатысушылар үдерістерді автоматтандыру, деректерді интеллектуалды талдау және тұрақты даму саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұл Сәтбаев университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастық алаңы екенін және болашақтың технологиялық шешімдерін генерациялау алаңы ретіндегі рөлін айғақтайды.