Satbayev University 6 мен 30 желтоқсан аралығында нано-биокомпозиттер және арнайы мақсаттағы полимерлер бағыты бойынша ашық дәріске шақырады
Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!
«Шақырылған шетелдік ғалым» бағдарламасы аясында профессор Сабу Томастың «Нано-биокомпозиттер және арнайы мақсаттағы полимерлер» ашық дәрістеріне шақырамыз.
Ұйымдастырушы: «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасы
Спикер: Махатма Ганди университеті химия ғылымдары бойынша PhD (Керала, Коттоям, Үндістан) және Махатма Ганди университетінің вице-канцлері, Сібір Федералды университетінің құрметті профессоры Сабу Томас.
Уақыты: Күн сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.
Аудитория: Технопарк инженерлік бейінді зертханасы конференц-зал 1-9.