26 шілде 2024 751

Satbayev University – әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының серіктесі: халықаралық дәрежедегі мансапқа есік ашатын техникалық жоғары оқу орны

Satbayev University – әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының серіктесі: халықаралық дәрежедегі мансапқа есік ашатын техникалық жоғары оқу орны

Қазақстанда жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау басталды. Сәтбаев Университеті болашақ инженерлер үшін нағыз «әлем терезесін» ұсынады.

Сәтбаев Университеті, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – әлемдік рейтинг бойынша көшбасшы және әлемнің ТОП-100 университеттерінің тізіміне кіретін үздік университеттер оның серіктестері болып табылатын қазақстандық жалғыз жоғары оқу орны.

Сәтбаев Университеті АҚШ, Гонконг, Корея, Ұлыбритания, Германия және Ресейдің 8 жоғары оқу орындарымен бірлесіп, қос дипломдық бағдарламаларды ұсынады. Бұл университеттер қатарында The Pennsylvania State University, City University Of Hong Kong және University Of Glasgow, Hof University of Applied Sciences, Sungkyunkwan University секілді техникалық білім беретін әлемдік үздік университеттер бар.

– Биылғы жылы біз 5 үздік университетпен, үздік жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтерінің көшбасшыларымен өзара келісімге қол қойдық, оның 3-і QS әлемдік рейтингінің үздік ТОП-100 қатарына кіреді. Бұл біздің еліміз үшін теңдесі жоқ ерекше оқиға», – деді Сәтбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев. – Бұл оқиға біздің студенттер үшін көптеген тамаша мүмкіндіктер ашады. Мысалы, біз PennState университетімен бірге іске қосқалы отырған білім беру бағдарламасы Сәтбаев Университеті үшін арнайы әзірленген. Мұндай эксклюзивті ұсыныс Қазақстанның ешбір жерінен табылмайды.

Халықаралық серіктестер шеңберін кеңейту үшін, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүйелі түрде үнемі жұмыс істеп келеді, атап айтқанда: білім беру бағдарламаларын ағылшын тілінде енгізіп, шетелден профессорларды шақырады және академиялық білім алмасу жолдарын кеңейтіп, қос дипломдық бағдарламаларды құрады, олардың әрқайсысы студенттерге көптеген артықшылықтар береді.

  • Қос диплом. Студент беделді екі диплом алып шығады, бұл оған мансап бойынша жоғарылауға тамаша мүмкіндік ашады.
  • Халықаралық тәжірибе. Студент жақсы әсер алып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі <ойын ережелерін> үйренеді және болашақта өзіне қажет болатын пайдалы адамдармен танысып, байланыс орнатады.
  • Уақыт пен қаржыны үнемдейді. Барлық оқу үдерісі небәрі 4 жылға созылады және беделді шетелдік университеттерге түсу үшін ешқандай қиын да күрделі процесс жоқ.
  • Тілдік сертификаттар талап етілмейді. Сабақты ағылшын тілінде оқитындығына қарамастан, студенттер күрделі халықаралық емтихандар тапсырмайды. Тек қана шетелдік университет өкілдерімен бетпе-бет сұхбат өткізеді.

Биылғы жылы Сәтбаев Университетіне түсетін барлық студенттер қос дипломдық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш бере алады. Бұлар мына көрсетілген университеттердегі техникалық және басқарушылық білім беру бағдарламалары:

PennState: The Pennsylvania State University

АҚШ-тың мемлекеттік қоғамдық университеті, әлемдік рейтингте 89-орын алады, АҚШ-тың үздік 5 университетінің қатарына кіреді. <3+1+1> форматында «Киберқауіпсіздік», «Геология», «Материалтану», «Мұнай инженериясы» білім беру бағдарламаларын ұсынады.

City University Of Hong Kong (CityU)

Гонконгтың Коулун-Тонг ауданында орналасқан қоғамдық зерттеу университетіәлемдік рейтингте 62-орын алады. Бакалавриат бағдарламалары үшін <2+2> және магистратура бағдарламалары үшін <1+1> форматында «Жасанды интеллект», «Құрылыс инженериясы», «Материалтану» білім беру бағдарламаларын ұсынады.

University Of Glasgow

Ұлыбританияда көнелігі жағынан төртінші университет, ал Шотландиядағы ең үлкен университет. Оның негізі 1451 жылы қаланған, Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің беделді <Рассел> тобына кіреді, әлемдік рейтингте 78-орын алады. Ол магистратураның <1+1> форматындағы «Машина жасау + менеджмент» білім беру бағдарламасын ұсынады.

Sungkyunkwan University

Кореяның ұлттық университеті, Сонгюнгван Конфуций академиясы ретінде 1398 жылы негізі қаланған, әлемдік рейтингте 123-орын алады. <3+1+1> форматы бойынша «Құрылыс инженериясы», «Әлеуметтік ғылым», «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Hof University of Applied Sciences

Қолданбалы ғылымдар университеті Хоф – Баварияның Хоф қаласындағы техникалық және қолданбалы білім беруге маманданған мемлекеттік университет. Университет 1994 жылы құрылған. Ол әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Магистратураның мынадай білім беру бағдарламаларын ұсынады: Тұрақты жобалау және жобаларды басқару; Жасанды интеллект және робототехника, мобильді жобалаудың көмегі арқылы жасанды интеллект; Өнеркәсіптік инженерия; Тұрақты су басқару және техника; Энергетика және модельдеу мамандығы бойынша инженер-машина жасаушы; Материалтану; Жобаларды басқару.

Сонымен қатар ҚазҰТЗУ Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының (ҚХР), Томск политехникалық университетінің (Ресей) және МИСИС ғылым және технология университетінің (Ресей) қос дипломдық бағдарламаларын ұсынады.

Сәтбаев Университеті Қазақстандағы ең танымал университеттердің қатарына дәстүрлі түрде кіреді. Мұнда елдің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан көптеген басшылары, қоғам қайраткерлері мен өндіріс озаттары білім алады. Бұл дәстүр университет беретін тамаша техникалық білімнің арқасында ғана емес, сонымен қатар университеттің өз студенттері үшін әрқашан елімізде де, шетелде де жақсы мүмкіндіктерді жасауының арқасында да жалғасын тауып келеді.

Түлектердің барлығы бірдей Канада, Англия немесе АҚШ университеттеріне оқуға бара алмайды: кейбіреулерінде қоғамда белсенді өмір сүруге мүмкіндік болмайды, өйткені олар шалғай ауылдарда тұрып, небір қиындықтарға тап болады немесе мұғалімдер жетіспейді, сөйтіп арман жолын кеш бастайды. Алайда сіздер нақты ғылымдарды түсінген болсаңыздар – Сәтбаев Университетінде арманыңызға қол жеткізуге болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту