29 наурыз 2023 3557

Satbayev University «Автоматизация және Басқару -2023» республикалық олимпиада өткізеді

Satbayev University «Автоматизация және Басқару -2023» республикалық олимпиада өткізеді

20-21 сәуірде Satbayev University «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша XV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасының II кезеңін өткізеді.

Әрбір университеттен үш студент қатыса алады (3 және 4 курс студенттері), студенттердің мамандандырылған кафедра оқытушылары арасынан тағайындалған жетекшісі болуы керек. Олимпиада тек жеке форматта өтеді.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс. Олимпиада Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, мекенжайы бойынша Сәтбаев университетінің базасында өтеді.

Республикалық пәндік олимпиаданың тапсырмалары келесі пәндер негізінде құрастырылған:

  1. Электротехниканың теориялық негіздері;
  2. Сызықтық автоматты басқару жүйелері;
  3. Бейсызықты автоматты басқару жүйелері.

Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін olimpiada.aiu@satbayev.university электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінішке келесі құжаттарды тіркеңіз:

  1. Олимпиаданың 1-кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолымен расталған хат және 2-ші кезеңге өту қатысу хаттамасы;
  2. Қатысушының өтініші (1-қосымша);
  3. Қатысушының жеке куәлігі / паспорты (көшірмесі);
  4. Оқу орнынан анықтама.

Қатысушылардың іссапар шығындары қатысушы Университеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Байланыс телефондары:

Нахыпбек Алдияров , n.aldiyarov@satbayev.university, тел.: 8 777-274-63-01;  
Нұрлан Сарсенбаев , n.sarsenbayev@satbayev.university, whatsapp: 8705-571-67-81;
Гулинур Қадыр,. g.kadyr@satbayev.university, тел.:8705-279-14-15.

 

Олимпиада бағдарламасы және өтінімі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту