27 ақпан 2024 1850

Satbayev University «Bilim Kerueni-I» Халықаралық көрмесінде өз мүмкіндіктерін ұсынды

Satbayev University «Bilim Kerueni-I» Халықаралық көрмесінде өз мүмкіндіктерін ұсынды

Satbayev University қабылдау комиссиясының қызметкерлері Ақтау және Атырау қалаларында «Sana Education» халықаралық білім беру орталығы ұйымдастырған «Bilim Kerueni-I» Халықаралық білім беру көрмесіне қатысты. Көрмеде Қазақстанның және шетелдің жетекші оқу орындары қатысқан көрмеде университеттің мүмкіндіктерін ұсына отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Қабылдау комиссиясының қызметкерлері қатысушыларға ақпараттық материал ұсына отырып,  институттарды, бағыттарды және оқуға түсу шарттары туралы айтып берді. Қатысушыларға университет туралы буклеттер мен ақпараттық материалдар ұсынылды. Бұл кәсіптік бағдар беру жұмысына Ақтауда 600-ге жуық оқушы және Атырауда 550-ге жуық оқушы қатысты.

Көрмеге қатысушылардың көпшілігі физика-математика, география-математика сияқты бейіндік пәндермен байланысты мамандықтарға, сондай-ақ шығармашылық бағыттарға қызығушылық танытты. Satbayev University студенттерге болашақ мансап туралы ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектесу арқылы өзінің білім беру мүмкіндіктерін сәтті көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту