12 наурыз 2024 1394

Satbayev University "Болашаққа кемел біліммен " олимпиадасына шақырады

Satbayev University  "Болашаққа кемел біліммен " олимпиадасына шақырады

Құрылыс саласында дамып келе жатқан талантты жас инженерлерге арналған студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиада пәндер бойынша өткізіледі:

  • Инженерлік механика
  • Құрылыс материалдары
  • Құрылыс конструкциялары
  • Геотехника
  • Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы
  • Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері

Олимпиада сізге өз біліміңізді тексеруге, бәсекелестеріңіздің кәсіби мүмкіндіктерін салыстыруға, кемшіліктеріңіз бен күшті жақтарыңызды анықтауға және оларды әлеуетті жұмыс берушілерге көрсетуге мүмкіндік береді.

Олимпиада 2024 жылдың 27 және 28 наурызында екі күн ішінде Satbayev University-де аралас форматта өтеді.

Олимпиаданың өтетін орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22а,  Satbayev University, Т.К. Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.

 

Олимпиаданың І күні (оффлайн)

900 – Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу;

930 – Олимпиаданың салтанатты ашылуы, жеке конкурстық тапсырмалар беру.

Олимпиаданың ІІ күні (онлайн)

1000 - Нәтижелерді жариялау, олимпиаданың салтанатты жабылуы, жеңімпаздарды, жүлдегерлер мен қатысушыларды марапаттау.

Олимпиадаға қатысу үшін қатысу үшін k.joldassova@satbayev.university электрондық мекенжайына 15.03.2024 дейін сұраныс жіберу қажет.

«Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері» пәні бойынша олимпиадаға қатысқысы келетіндер k.alimova@satbayev.university электронды поштасына 20.03.2024 жылға дейін қатысуға өтінім жіберулері қажет.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту