Ақпарат:

12 маусым 2025 165

Satbayev University-де ағылшын тілі оқытушылары білім берудегі жаңа үрдістерді талқылады.

Satbayev University-де ағылшын тілі оқытушылары білім берудегі жаңа үрдістерді талқылады.

Satbayev University базасында ағылшын тілі оқытушыларына арналған «Traditional and Innovative Practices in ELT» атты Жазғы мектеп сәтті өтті.

Аталған шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан келген мамандар қатысты. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Халықаралық бизнес университеті (UIB), Алматы энергетика және байланыс университеті (АУЭС), Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Сүлеймен Демирел атындағы университет (SDU), KIMEP университеті және Каспий университеті бар.

Жазғы мектеп бағдарламасы цифрлық оқыту құралдарын қолдану, тілдік құзыреттілікті дамыту әдістері, сондай-ақ грамматика мен лексиканы оқытудың заманауи тәсілдерін қамтыды.

Іс-шара барысында сарапшылар өздерінің тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісіп, қатысушылар да өздерінің оқыту тәжірибелеріндегі үздік әдістемелерді ортаға салды.

Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Жазғы мектеп кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, оқытушыларға ағылшын тілін оқытудағы (ELT) жаңа бағыттармен танысуға және Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту