Satbayev University-де инклюзивті білім беруге арналған психолог Елена Мусихинамен кездесу өтті

Satbayev University-де К.А. Сагадиев атындағы UIB университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Елена Владимировна Мусихина «Инклюзивті қоғамдағы жастар» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы ұйымдастырған бұл кездесу Тұрақты даму мақсаттарының №10-шы бағыты – «Теңсіздікті азайту» мақсатына тікелей байланысты. Кездесудің негізгі тақырыптары – инклюзия, әлеуметтік бейімделу және Қазақстан жастарының ашық әрі ізгілікті қоғам құрудағы рөлі болды.
Елена Владимировна дәріс барысында практикалық мысалдармен бөлісіп, эмпатияны дамыту, тұлғаға құрметпен қарау және білім беру ортасындағы теңдік мәселелерінің маңыздылығына тоқталды.
Дәріс студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, университетімізде инклюзивті ойлау мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.