Ақпарат:

25 қараша 2021 2761

Satbayev University-де Қазақстанның зейнетақы жүйесіне арналған шеберлік сағаты өтті

Satbayev University-де Қазақстанның зейнетақы жүйесіне арналған шеберлік сағаты өтті

24 қарашада Satbayev University «Жобаларды басқару» институтында «ЭЫДҰ елдерінің тобымен салыстырғанда Қазақстанның зейнетақы жүйесінің тиімділігін салыстырмалы талдау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын шақырылған профессор, қаржы саласындағы маман, LLQP лицензияланған маманы, Delta International University (Canada) Ph.D  профессоры Алмаз Толымбек өткізді.

Мастер-класста келесі тақырыптар қарастырылды:

  • Қаржы нарықтарының қазіргі жаһандық мәнмәтініндегі ЭЫДҰ-ның Ұлттық зейнетақы жүйелерінің жағдайы мен тиімділігінің деңгейі.
  • Қаржы нарықтарына жеке инвестициялауға арналған тәсілдер мен құралдар.
  • Зейнетақы жүйелері тиімділігінің халықаралық статистикасындағы ҚР зейнетақы жүйесінің тиімділігі деңгейін салыстырмалы талдау.
  • ЭЫДҰ елдері тобының зейнетақы активтерін ұлғайту және зейнетақы жүйелерінің табыстылық деңгейінің негізіндегі табыстылық факторлары.

Шеберлік сағаты аясында тыңдаушылар заманауи инвестициялық сауаттылықтың негізгі мәселелерін игерді және жеке қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге қадам жасады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту