29 сәуір 2019 3674

Satbayev University-дың Әскери кафедрасында Ашық есік күні өткізілді

Satbayev University-дың Әскери кафедрасында  Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласы Бостандық ауданының колледждері мен мектептері оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында 17 сәуір күні Satbayev University-дың Әскери кафедрасында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шара Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мен еліміздің Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орайластырылды. Бұл күні Әскери кафедраның қонақтары ретінде Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері мен алғашқы әскери дайындық курсының оқытушылары болды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында жоғары патриоттық сана-сезімді, Отанды қорғауға деген жеке жауапкершілікті қалыптастыру, еліміздің Конституциясына адал болуға ынталандыру, сондай-ақ университетіміздің беделін арттыру мақсатында өткізіледі.

Әскери кафедра студенттері оқу кезінде үйренген дағдыларын: тактикалық саптық тәсілдер, АК-74 автоматын жинау және бөлшектеу, тағы басқа да білімдерін қонақтарға көрсетті. Оқушылар Әскери кафедраның оқу-материалдық базасын, офицер-артиллерист даярлауға арналған оқу орындарын, шағын калибрлі артиллериялық полигондарды тамашалады. Оқушылар сонымен қатар Әскери кафедраның мұражайы мен оқу аудиторияларына барды. Олардың назарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу және даму тарихы туралы фильм ұсынылды. Тәжірибелі оқытушылар кафедраның тарихы, Әскери істер институтының қызметі мен күнделікті өмірі туралы айтып берді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту