5 сәуір 2024 2639

Satbayev University «Эко-арт» 2024 көрмесіне қатысуға шақырады

Satbayev University «Эко-арт» 2024 көрмесіне қатысуға шақырады

«Политех» ерекше қажеттіліктері бар оқушылар мен студенттерді»Эко-арт» көрмесіне қатысуға шақырады.

Көрмеге «Көшпенділер патшайымы»тақырыбына сәйкес келетін Эко-қолөнер, суреттер, фотосуреттер қабылданады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жұмыстарды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 29 сәуірге дейін.

«Эко-арт» көрмесі теңсіздікті азайту саласындағы тұрақты даму мақсаттарын қолдауға, осы маңызды тақырыпқа назар аударуға және әрбір адам қоршаған ортаны сақтауға және әділетті қоғам құруға өз үлесін қоса алатынын көрсетуге арналған.

Біз барлық ниет білдірушілерді көрмеге қатысуға және барлығымыз үшін жақсы болашақ құру үшін тұрақты даму мақсаттарын қолдауға шақырамыз. Бірге әлемді тұрақты және әділ етейік!

«Эко-арт» көрмесі 2024 жылғы 30 сәуірде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 122, Satbayev University бас оқу корпусы мекенжайында өтеді.

Телефон: +7 701 676 16 54 жұмыс күндері сағат 9.00 - дан 18.00-ге дейін.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту