Satbayev University "Электрохимия және металлургиялық талдау" тақырыбында ашық дәрістер мен семинарларға шақырады
Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында 2023 жылғы 04 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін металлургия, материалтану және химиялық инженерияның өзекті бағыттары бойынша ашық дәрістер мен семинарлар өтетінін хабарлайды. Курстың соңында сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушы: "Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасы.
Спикер: Доктор Камар Аббас, профессор, Грац технологиялық университетінің ғылыми қызметкері (Грац, Австрия).
Өткізу уақыты мен орны: 31 ТТК, күн сайын, дүйсенбі-жұма: 10:00-13: 00.