Satbayev University ғалымдарына Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Құрмет грамоталары табысталды
2024 жылғы 06 қыркүйекте логистика және көлік академиясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесіп «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» Форумы өтті. Форумда зерттеу үшін басым бағыттар айқындалды және жол саласындағы негізгі сын-қатерлер анықталды, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру туралы айтылды.
Форумда жол құрылысы саласындағы Satbayev University ғалымдарының еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрінің атынан Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институтының профессорларына Құрмет грамоталары табыс етілді техника ғылымдарының докторы, профессор Шаяхметов Сәулет Берлікашұлы және техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жолдасова Құралай Қайырберлинқызы.
Лауреаттарымызды құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!