26 сәуір 2018 9801

Satbayev University-інде алғашқы «Квест Polytech» өтті

Satbayev University-інде алғашқы «Квест Polytech» өтті

Сәуірде Satbayev University қабырғасында алғаш рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Квест-ойыны өтті. Ұйымдастыру, ой салу, ойын тапсырмаларын жасыру қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Р.Р. Баркибаева, Н.Ш.Танкиева және Т.В. Павловаларға тиесілі. Осы жерде ойынды өткізуге белсенді түрде атсалысқан студенттерді де атап өткен жөн: Оралбай Аяжан мен Керімбек Ерасыл, смартфон көмегімен тапсырманы жасыруды ұсынған. Тапсырманы ойластырған Ерасыл.  Бағыттар бойынша студенттерді алып жүрген және ойын өткізуге белсенді атсалысқан кафедра оқытушылары: Қ.Ә.Аязбекова, Ш.М.Бектұрғанова, О.С.Зайцева. 

Жастар үшін «Квест» сөзі шырғалаң оқиғаға толы, өздерін кинодағы, кітаптардағы кейіпкердей сезінетін түсінік қалыптасқан. Ғимарат әртүрлі айғақтармен және логикалық элементтермен толтырылуы мүмкін. Квестті өту үшін айлалы жұмбақтарды шешу қажет немесе әрбір бөлшекке мән беру керек. «Турфирманы тонау» немесе «Елестерге аңшылық жасау» секілді квест-ойындар кеңінен танымал.

«Квест Polytech» ойынына 18 студент қатысты: 6 адамнан тұратын 3 команда. Әр командаға жасырылған түрдегі 10 тапсырма дайындалды. Әр командаға жасырылған түрдегі 10 тапсырма дайындалды. Тапсырманы орындау үшін ойыншыларға біраз еңбектенуге тура келді.

Тапсырманың бірі мынадай: Сирек ванадийлі минерал. Түсі: ақ сары түсті, қызыл-сары, жасыл-сарыдан сарғыш түске дейін. Жылтырауы күңгірт, құйылуы перламутр. Қазақ ССР ғылым Акакдемиясы президентінің құрметіне аталған, келесі тапсырма дәл осы минералдың астына жасырылған.

Бұл тапсырмалардан басқа да қызықты тапсырмалар берілді: өлең оқу, ән салу, би билеу, флэшмоб көрсету т.б. Ойын 1,5 сағатқа созылды. соңында студенттер өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті. «Университетте ілініп тұрған суреттерге де «тіл бітті». Смартфондарымызды картиналарға тақап, келесі тапсырмаларды алдық. Өте қызық болды, - деп алған әсерімен бөлісті 1-курс студенті Мукупова З. Басқа студенттерде өз пікірмен бөлісті: «Керемет жоба! Тамаша көңіл-күй мен әсер алдық! (Маратов Т.); Адам сенгісіз көңіл-күй!!! Ойластырылған тапсырмалар ерекше және командамен бірге жүргеннің өзі супер!!! Бәрі көңілді өтті. (Асылбек Н.); Квест бізге өте қатты ұнады. Ойынға көңіліміз толды! Ұйымдастырушыларға рақмет! (Газисов М.)

Университетіміздің қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған «Квест Polytech» квесті өз мақсатына жетті. Бірінші курс студенттері өздерінің Альма Матерлерін білді және аты аңызға айналған политехта оқитындарын мақтан етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту