22 мамыр 2024 2268

Satbayev University-інде жобалық менеджмент әлемін ашыңыз

Satbayev University-інде жобалық менеджмент әлемін ашыңыз

Сіздерді 2024 жылғы 29-31 мамыр аралығында өтетін қарқынды біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз. Ыңғайлы оқу форматын таңдаңыз-онлайн немесе офлайн — және біздің университеттің қабырғасында жобаны басқарудың динамикалық әлеміне енуге дайындалыңыз.

Курс бағдарламасы сіздің жұмыста бірден қолдануға болатын практикалық білім мен нақты дағдыларды алуға арналған. Курстың жүргізушісі-доктор Ақбота Ақзамбекқызы, PMI PMP және PMI ATP сертификатталған нұсқаушысы, жобаларды басқару саласындағы PhD иегері өзінің бірегей тәжірибесі мен білімімен бөліседі.

Әрбір қатысушыға біліктілікті арттыру курсын өткендігін растайтын сертификат беріледі. Біз топтар үшін арнайы шарттарды ұсынамыз:

5 тыңдаушыдан тұратын топ: қатысу құны 160 000 теңгені құрайды.

10 тыңдаушыдан тұратын топ: қатысу құны 80 000 теңгені құрайды.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін Жанэль Кабдрашеваға мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 747 239 6417 немесе +7 727 292 5487.

Кәсіби дағдыларыңызды жақсарту және жобаларды басқару саласындағы ой-өрісті кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сіздерді Satbayev University курстарында күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту